Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде “Цифрлық трансформация дәуіріндегі мұғалімнің жаңа рөлі” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
🌍 Конференцияға дүниенің төрт бұрышынан спикерлер жиналып, онлайн/оффлайн форматта мазмұнды баяндамалар жасады.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты:
🔹 Цифрлық трансформация жағдайында мұғалімнің кәсіби рөлінің өзгеруін талдау;
🔹 Заманауи цифрлық және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдарын көрсету;
🔹 Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған кәсіби алаң құру.
💡 Шара барысында “Цифрлық трансформация жағдайында педагогтің жаңа парадигмасы” атты пленарлық сессиясы, сондай-ақ идеялар мен панорамалар сессиясы өтті.
✨ Конференция жаңа көзқарастарға жол ашып, тәжірибе алмасу мен инновациялық бастамаларды дамытуға серпін берді!